Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

"Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының айнасы"

"Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының айнасы"

🗓 28 сәуір 2025 жыл күні Уәлиханов ауданында ерекше рухани мазмұнға толы, тәрбиелік мәні жоғары облыстық семинар өтті.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Білім мен тәрбиенің сабақтастығы" тақырыбындағы бұл игі басқосу — білім мен адамгершілік құндылықтардың үндестігін көрсеткен тағылымды тәжірибе алаңына айналды.

📚 Семинар аясында облыстың әр ауданынан келген 120-дан астам мұғалім ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, шығармашылық жобалар, практикалық жұмыстар арқылы өзара тәжірибе алмасты.
Мектептердің білім мен тәрбиені ұштастырудағы жетістіктері, ұлттық құндылықтарға негізделген сабақ үлгілері, цифрлық және STEAM технологияларының тиімді қолданылуы — қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

💡 Іс-шара барысында шәкірттерге саналы тәрбие берудің жаңа тәсілдері, ұлттық болмысты ұлықтау, жеке тұлға тәрбиелеу мәселелері қозғалды.

https://www.facebook.com/cmirito/videos/9557848790918986 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь