«Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алынып жатқан дүниенің бәрі келешек жолында жасалынып жатыр. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу. Латын әліпбиі компьютер тілі және тіліміздің халқаралық дәрежеге шығуына жол ашады, түркі тілдес елдермен ынтымақтасуды кеңейтеді. Жаңа әліпби – әлемдік өркениет өрісіне апарар тура жол.
Посмотреть новость на сайте учреждения