Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

"Шығармашылық пен сүйіспеншілік» атты онкүндік

            Бүгін ақпанның 5-сі күні Бидайық орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Шығармашылық пен сүйіспеншілік» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Зал шарлар, гүлдер және жалаушалармен безендірілген тақырыпқа сай адами қасиеттермен безендірілген. Мектебіміздің кітапханашысы «Өзін –өзі тану» рухани-танымдық білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваға арналған көрме ұйымдастырды. Алдымен орта буын оқушылары өзін-өзі тану пәніне қатысты өлең жолдарын мәнерлеп айтып берді. Бастауыш сынып оқушылары Болат Айкүнім мен Болат Аңсар тақырыпқа сай, яғни достық жайында ән шырқап берді. Биыл Бидайық мектебі шаңырақ бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын бастап кеткен еді, әр шаңырақты ортаға шағырып, жұмбақ жасырып, сол жұмбақтың шешуін бейнелеу тапсырмасы берілді. Мұнда алақан, күн, кемпірқосақ, жүрек, достық жауаптарына оқушылар қызықты әрі тартымды бейнелей алды. Әдістемелік жетекшісі оқушылар мен ұстаздар қауымын онкүндіктің ішінде қандай іс-шаралар болатын күндермен таныстырып өтті.Және әрқайсымыз әр шараға белсене қатысып, адами жақсы қасиеттерімізді көрсете алуымыз қажет деп қорытындылады. Соңында мектебіміздің биылғы түлектері қолдарын көтеріп үшбұрыш құрып тұрды да, шыққан оқушылар мен ұстаздар жағымды тілектерін тілеп өтті.













                                                                                   Нургазина Ш.А. өзін-өзі тану әдістемелік бірлестік жетекшісі


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь