Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Жаман әдеттерден аулақ болайық!» атты ашық сынып сағаты


Биылғы оқу жылы біздің мектепте Назарбаев Зияткерлік мектебіндегідей  екі сынып бір шаңыраққа  біріктірілген. Арнайы жоспарлары құрастырылған. Сол жоспарға сәйкес қаңтардың 18-і күні  2-ші мен 10-шы сыныптар арасында  біріктірілген «Жаман әдеттерден аулақ болайық!» атты ашық сынып сағаты  өткізілді.

Сабақ бойы бар жұмысты жоғары сынып оқушылары өткізді. Суреттерді  слайд арқылы көрсете отырып,  сабақтың тақырыбын ашуды талап етті.  Одан басқа «Мен қандаймын?» тренинг,  «Пайдалы - зиянды» сергіту сәтін өткізді. Сонымен қатар «Өтірік айту дұрыс па?», «Қай кезде өтірік айтудың пайдасы бар?» т.б.сұрақтар арқылы  кіші жастағы балаларды сұхбатқа тартты.

Өте қызықты, пайдасы мол эксперимент түрінде өткізілген көрініс болды. Бұдан  2-сынып оқушысының бойындағы  тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқанын  көруге болды.

Сабақ соңында оқушылар жұмбақтар шеше отырып, «Тілек ағашқа» жүрекшелерді орналастырып, адам бойында  кездесетін  қандай   қасиеттер болу керек екенін  белгіледі .

Ерекше өткізілген сынып сағаты  барлық балалардың да, мұғалімдердің де көңілінен шықты




                                                             Касимова Р.Б. 2-ші сыныптың  жетекшісі

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь