Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

"Жас Қыран" мен "Жас Ұлан" қатарына қабылдау

Желтоқсан айының 15 күні Баян жалпы орта білім беру мектебінің акт залында мектеп  оқушылары  «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Оған мектеп басшысы және мектеп ұжымы қатысты.  Шараның салтанатты ашылуында Мемлекеттік әнұран орындалып, сахнаға Мемлекеттік ту әкелінді. Оқушылар «Жас Қыран»  мен 

 «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. «Жас Қыран» қатарына 12 бала, «Жас Ұлан» қатарына 8 бала кірді. Мектеп директоры және «Атамекен» ұйымының мүшелері «жасұландықтарға» галстуктар мен төсбелгілер тағып, олармен бірге естелікке суретке түсті. Қабылдау рәсімінде оқушылар ұйым қатарына кіре  отырып, «Жас ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға салтанатты түрде ант етті. Мектеп директоры Сұрағанов А.Қ.  баршамызды 16- желтоқсан  Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, «Жас Қыран»  және  «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылардың ел патриоты болып, басқаларға үлгі боларына сенім білдірді.
     


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь