Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

1-қыркүйек – Білім күні

1-қыркүйек – Білім күні

         1 қыркүйек – тек жаңа оқу жылының басталуы емес, сонымен қатар достардың жылы жүзді кездесуі, үлкендер мен балалардың қызыққа толы ерекше мереке күні. Бұл таңғажайып білім әлеміне саяхат. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау үні оларды қызыққа толы асуларға жетелейтін таңғажайып қадам. Түлектер үшін – өмірлік таңдау жасайтын кез болса, ұстаздар үшін – шығармашылық табысқа жаңа қадам.              
            Жанымызды жадыратарлық алтын  күздің бірінші айында оқушылар «Білім күні» мерекесіне А. Шәжімбаев атындағы Явленка №3 орта мектебіне жиналды. Білім ордасы қайтадан балғын бүлдіршіндердің думанды базарына айналды. 02. 09. 2017 жылы Білім күніне арналған салтанатты мереке болып өтті. Мерекеге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата – аналар, 1-11 сынып оқушылары және қонақтар қатысты. 1 сынып оқушылары өздерінің дайындаған өлең, тақпақ, билерімен таң қалдырды. Мерекенің соңы дәстүрлі «Алғашқы қоңырау соғу» рәсімімен аяқталды.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь