Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ 01.06.2017ж. (1 ауысымы)

01.06.2017ж

         «Күншуақ» лагерінің бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» атты концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды.  Концерттің негізгі мақсаты барлық балаларды құттықтай отырып, балалық шақты қадірлеуге, ұмытпауға талпындыру  және келген ересектерге балалық шақтарын еске түсіруге көмектесу еді.

           Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Одан кейін оқушылар балалық шағы туралы өлеңдерін оқыды. Кейін оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін», «Күмбірлеген домбыра», т.б. әндер айтты. Екі түрлі флешмоб биледі.

«Батпақ», «Сәлемдесу», т.с.с. көптеген қызықты ойындар ойнатылды. Оқушыларға бұл ойын өте қатты ұнады.

 Осы концертте «Балбұлақ» шағын орталығының бүлдіршіндері туралы да ұмытылған жоқ. Олармен  «Шәркей», «Кәмпитті қағып ал» деген ойындар  ойнатылып,  көңілдерін көтердік.

           Ата-аналар да балаларға өлең жолдарын оқып, өз тілектерін білдірді. 

Концерттік бағдарлама аяқталған соң барлық балалар тәтті үстелге шақыртылды.

Орындаған:       бастауыш сынып мұғалімі Исакова Мария Викторовна


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь