Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Туған жер – патриотизм негізі» атты дөңгелек үстел

16 маусым күні біздің ауданымызға Петропавл қаласынан  «Туған жер» бағдарламасы бойынша  ұйымдастырылған  экспедициялық топ келді.  Жалпы біздің ауданымызбен танысуы  Шұқырколь ауылынан  басталды,  яғни экспедициялық топ  Шұқыркөль ауылына барып,  сол ауылдын  құрметті тұрғындары туралы презентация тамашалады.  Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес олар аудандық мәдениет үйінде орналасқан  мұражайға барып,  мұражай қызметкерлерінен  толық ақпарат  ала  алды.

Жоспар бойынша сағат 1800-де аталмыш топ  біздің мектебімізде  «Туған жер- патриотизм негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.  Бұл іс-шараға ауданымыздың  құрметті тұрғыны Иманбай Какашұлы  Тасмағанбетов, №1 Новоишим орта мектебінің  «Ел тірегі» әскери клубының жетекшісі Федоров,  аудан білім бөлімі басшысының орынбасары Э.М. Қарабаева, аудандық әдістемелік кабинетінің жетекшісі Р.Қ. Жаманбаева , №1, №2 және біздің мектебіміздің белсенді оқушылары қатысты. Экспедициялық топ құрамында 3 жетекші-мүғалім, 5 қыз бала және 2 ұл бала болды. Іс-шара барысында келген қонақтар өздерінің  келген мақсаттарымен бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.  Сонымен қатар олар үстел қатысушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып өткізді.  Белгіленген уақыт өткеннен кейін әр топ Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша жинаған мәліметтерді ортаға салды.  Іс-шара  сонында экспедиция мүшелеріне «Тоқсан би» атты және Ғ. Мүсірепов ауданы туралы кітаптары  естелікке сыйға тартылды.

1

2

3

4

5
6

7

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь