Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Қауіпсіз интернет дөңгелек үстел

19.04.2017ж Новоишим қазақ орта мектебінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық онкүндігі аясында «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты 7 сынып оқушыларымен мектеп психологі Т.Б. Сердалина дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында алдымен оқушыларға «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» бейнеролигі көрсетіліп, талқыланды. Интернеттегі ойын, сайттарға кірген кездегі аккаунт құрудағы қауіпсіздік. Өзі туралы нақты мағлұмат салмау, бейтаныс адамдарға телефон номері және мекен-жайы туралы ақпарат бермеу керек екендігі ескертілді. Ары қарай оқушылар өздері дайындап әкелген плакаттарымен интернеттің пайдасы және зияны туралы қызықты мағлұматтармен бөлісті. Бұдан кейін оқушыларға «Интернет желісінде алданып қалу қаупі» жайлы бейнеролик көрсетілді. Бөтен адамға телефон номерін бермеу, танымайтын адамның үйіне бармау, машинасына отыруға болмайтыны жайлы сөз қозғалды. Дөңгелек үстелдің соңында оқушылардан сауалнама алынды. Жалпы отырыстың өту барысы оқушыларға ұнады және өздеріне керекті көп мағлұмат алды.

                                                                    Мектеп спихологі: Т.Б Сердалина

Дөңгелек үстел


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь