Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Ерлер елі үшін туады» атты ерлік сабағы



Қарақамыс негізгі мектебінде 2016ж. 23 қараша күні «Ерлер елі үшін туады» атты ерлік сабағы болып өтті. Сыныптан тыс іс-шараға 5-9 сынып оқушылары, әскерден келген жастар қатысты. Іс-шараның мақсаты: Ұлдардың бойында батылдық, тапқырлық қасиеттерді тәрбиелей отыра, болашақта елін қорғайтын азамат болып өсуіне бағыт беру. Күтілетін нәтиже: оқушылардың туған жеріне деген құрмет  сезімдері қалыптасады, Отанын қорғай алатын азамат болып өсуіне септігін тигізеді.

Сабаққа әскерден келген Рустемов Досхан кездесуге келді.  Сұхбат кезінде әскерде жігіттер өздерін қалай ұстау керектігіне, әскердегі күн тәртібіне, әскери өмірді қалай өткізу керектігіне тоқталып өтті. Оқушыларды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында оқушылар дайындаған тәрбие сағатына қатысты. Ерлік сабағы 2 кезеңнен тұрды.

1-кезеңде слайд материалдары көрсетіліп, мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. 2-кезеңде «Білектілер сайысы» өткізілді. Бұл сайыста ер балалар күш сынасып, білімдерімен сайысты. Сабақтың соңында  дене шынықтыру мұғалімі Уалиев А.Б. сөз сөйлеп, оқушыларды марапаттап өтті.











Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь