Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Не? Қайда? Қашан?» атты викториналық сайыс


Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың  9 желтоқсанында «Не? Қайда? Қашан?» атты викториналық сайыс өткізілді. Сайысты информатика пәнінің мұғалімі Токушева Г.Т. жақсы деңгейде өткізе алды. Сайыстың мақсаты: өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету. Сайыс сабағына Сырымбет селолық округінің әкімі Сүлейменов Д.Қ. қатысты. Спорт саласында аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға белсене қатысып жүлделі орын алып жүрген оқушылар: Зейнуллин Амандық, Өміртай Даниал, Алпыс Дархан және жаттықтырушы Уалиев Асқар Балтабайұлы Сырымбет селолық округтік мақтау қағазымен марапатталды. Сайыс барысында Мемлекеттік Әнұран орындалды. Сабақтың кіріспе бөлімінде Тәуелсіздікке байланысты слайд материалдары көрсетілді. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасады.  1-топ «Желтоқсан» тобы, 2-топ «Тәуелсіздік» тобы болып бөлінді. Сайыс кезеңдерінде сайыскерлер өздерін таныстырды, «Кім көп біледі?» сұрақтарға жауап беру кезеңінде оқушылар белсене қатысып отырды. Мәнерлеп оқу сайысы, «Ұйқасын тап»  сайыстары сәтті шықты. Жеңімпаз ретінде «Желтоқсан» тобы анықталды.

















Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь