Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

📚 Студент болу – тек дәрістер мен семинарларға қатысу ғана емес, бұл заңды құрметтейтін, өзіне де, өзгеге де жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болып қалыптасу жолы.

📚 Студент болу – тек дәрістер мен семинарларға қатысу ғана емес, бұл заңды құрметтейтін, өзіне де, өзгеге де жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болып қалыптасу жолы.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде облысымыздың колледждері 2026 жылғы 9 қаңтарда бастау алған «Жасампаз Жастар» онлайн-челленджіне белсенді түрде қатысуда.
Аталған челлендж – студент жастарға өз әлеуетін көрсетуге, тың идеялар ұсынуға және қоғам өмірін жақсартуға нақты үлес қосуға берілген ерекше мүмкіндік. Қатысушылардың басты міндеті – колледжді, аудан не қаланы көркейтуге бағытталған шағын, бірақ маңызы зор әлеуметтік жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру.
Жастар – қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші. «Жасампаз Жастар» челленджі студенттердің шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың болашаққа жауапкершілікпен қарайтын, белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл бастама жауапкершілік, жасампаздық және азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Челленджге қатысу арқылы жастар командада жұмыс істеуді, инновациялық идеялар ұсынуды, жобаларды жоспарлап, іске асыруды үйренеді. Бұл – олардың таңдаған мамандығына қарамастан, өмір жолында қажет болатын құнды тәжірибе.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь