«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік»
"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2025 жылдың желтоқсан айында 7 «ә»-сынып жетекшісі А.С.Кожахметова мен әлеуметтік педагог А.Байбулатова бірігіп 7 «ә»- сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізді.Мақсаты:Жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, оның салдарын ұғындыру, жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру, зңды құрметтеуге, тәртіпке және мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Оқушыларға жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, қандай жағдайларда қандай жауапкершіліктер бар екенін, және жаза түрлері туралы айтылып керекті ақпараттар берілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер