
Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әдіскердің рөлі ерекше маңызды. Цифрландыру мен инновациялар дәуірінде білім беру сапасын арттырудың басты факторы – әдіскердің кәсіби құзыреттілігі.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында биылғы жылдың 21 қазанында «Береке» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңі офлайн форматта өтті.
Байқау барысында қатысушылар жоғары кәсіби шеберліктерін, инновациялық идеяларын және әдістемелік жұмыстағы үздік тәжірибелерін көрсетті.