Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

🔰 Ағымдағы жылдың 8 қазанында «SABAQ» білім беру жобасы шеңберінде өткізілетін облыстық байқауының ұйымдастыру мен өткізілу мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін айқындайтын вебинар өтті.

🔰 Ағымдағы жылдың 8 қазанында «SABAQ» білім беру жобасы шеңберінде өткізілетін облыстық байқауының ұйымдастыру мен өткізілу мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін айқындайтын вебинар өтті. Кездесуге өңіріміздің білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және аталған байқаудың сарапшылары қатысты. Байқау оқу жылында 2 рет – бірінші жартыжылдықта 2025 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін, екінші жартыжылдықта 2026 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты - педагогтердің инновациялық тәжірибесін тарату, кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және оқытудың тиімді әдістемелерін енгізу. Баяндаушылар – әдіскер Аманжолова А.С. байқаудың ұйымдастыру және өткізілу тәртібіне тоқталса, байқаудың әділ қазылар алқасының сарапшылары Одаренко Н.Х., Геншель Н.А., Сарсембаева А.О. қауыммен өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Алдағы уақытта белгіленген ережелер мен ескертулер назарға алынып, осы бағытта жұмыс басталады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь