Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

27 мамырда облыс әкімімен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жыл сайынғы кездесу өтті

27 мамырда облыс әкімімен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жыл сайынғы кездесу өтті. Бұл шара – білім мен ғылым саласында жарқыраған жетістіктердің, жас дарындардың мерекесі болды.
Іс-шараға облысымыздың ең үздік 30 оқушысы қатысты – олар өз еңбегімен, табандылығы және білімге деген ұмтылысымен биік белестерді бағындырған жас ізденушілер. Кездесу барысында оқушылар өз жетістіктерімен, байқауларға қатысу тәжірибесімен және ғылыми жобаларымен бөлісті.
Облыс әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы жас дарын иелеріне алғысын білдіріп, олардың өңіріміздің білім мен ғылымының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
Атап айтқанда, «Новоишим орта мектебі №1» КММ 10-сынып оқушысы Ткачук Ангелина облыс әкімі сыйлығына ие болды. Ол Халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауының «Биология және ғарыштық биология» секциясында «Құнды қайың қабығы экстракты негізінде жасалған кремдер мен майлардың ғарыштық медицинада қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі Спасибушкина Анна Васильевна. Бұл жоба – тек ғылыми ізденіс қана емес, болашаққа жасалған сенімді қадам, онда ғылым көкжиегі ғарыш кеңістігіне дейін ұлғаяды.
Мұндай жеңістер – шабыт көзі, әрі еліміздің болашағының жарқын кепілі. Осы жас дарын иелерінің табыстары жаңа биіктерге жетелеп, үлкен жаңалықтардың бастауы боларына сенеміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь