Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Келешек мектептері» директорларымен онлайн кездесу

📡 «Келешек мектептері» директорларымен онлайн кездесу өтті
🗓️ Басқосуда осы оқу жылының қорытындылары мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мектеп басқару тәжірибесі, мұғалімдердің кәсіби дамуы және кадрлық іріктеу жүйесі сөз болды.
🎙️ Кездесуге модераторлық еткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев алғы сөз сөйлеп, жобаның мән-маңызын айқындап берді.
🤝 Ақмола облысы мен Шымкент қаласындағы «Келешек мектептерінің» директорлары жергілікті деңгейдегі тәжірибелерімен бөлісті.
📊 «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Айдана Шилибекова педагогтер мен мектеп басшыларын бағалауға арналған пилоттық жобаның мазмұнын таныстырды. Сондай-ақ орталық өкілдері базалық курстардың нәтижелерін ұсынып, жоба аясында жас мамандарды іріктеуге арналған career.orleu.edu.kz цифрлық платформасының мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.
💬 Кездесу ашық пікір алмасуға, ұсыныстарды ортаға салуға және алдағы бағыттарды нақтылауға мүмкіндік берді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь