Кәсіптік бағдар
9 қаңтар күні кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинаның ұйымдастыруымен «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 2024 оқу жылының түлектері «Олар бізөдің мектепте оқыды» деген тақырыпта 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, өздерінің мамандықтары, оқып жүрген университеттері, студенттік өмірдің барысы туралы айтып, ой бөлісті. Студент болудың алғышарты ҰБТ-ға дұрыс дайындалу керек екенін нақты айтты. Университетті дұрыс таңдаудың маңызды екенін де ескертті. Мектепте оқу мен университетте оқудың үлкен айырмашылығы болатынын түсінгендерін айтты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер