Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Өнер – тәрбие құралы: сөз қуаты, сана салмақтығы, қоғам пікірі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Өнер – тәрбие құралы: сөз қуаты, сана салмақтығы, қоғам пікірі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – өнердің тәрбиелік рөлін, оның қоғамдағы орны мен мәнін талқылау. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тәжірибелік алаңы ретінде «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» аталып, мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәжірибелі педагог Елубай Гульнур Амантаевна өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, тәрбие жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетті. Спикердің баяндамасы мектептегі тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тың идеялар мен ұсыныстарға толы болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер