Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

"Біз есірткіге қарсымыз"

2024 жылғы 23 қазанда аудан әкімдігінің залында білім бөлімінің басшысы Э.М. Карабаеваның төрайымдылығымен оқушылар арасында есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған нашақорлықтың алдын алу бойынша "Біз есірткіге қарсымыз" атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға полиция бөлімі бастығының орынбасары К. М. Нурумов, аудан прокуратурасының аға прокуроры В. Н. Осипова, аудандық емхананың СӨС маманы Г. И. Бекова, білім бөлімінің әдіскері А. А. Каппасова қатысты. Кездесу "Есірткі әкелетін қасірет" профилактикалық әңгіме түрінде өтті. Әңгімелесу барысында есірткінің адамның физикалық денсаулығына және оның әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсері, жасөспірімдерде өз денсаулығына құндылық, жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салты заңдарын сақтауға дайын болу және есірткіні қолданудың кез келген түрінен бас тартуға саналы түрде дайын болу мәселелері талқыланды. Аталған іс-шараға «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 15 оқушысы қатысты, сондай-ақ іс-шара басталар алдында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» үгітбригадасын таныстырды.

Іс-шараның 2-бөлігі «Сұңқар» спорт кешенінде өтті, оқушылар «Квест-ойынға» қатысты

Ойын қорытындысы бойынша мектеп командасы 3 орын алды.

 

 

 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь