Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

⚜️Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері Астана қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық команда, яғни 180 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салды. ⚜️Облысымыздың атынан қатысқан үш команда – қазақ лигасында «Император», орыс лигасында «Первые в первом» және ағылшын лигасында «LORD» командалары тартысты ойындар көрсетті.
🔖Турнир барысында оқушыларымыз ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Сейдуалиев Еркебұлан «Ең тапқыр ойыншы» номинациясын жеңіп алса, Жукова Елена «Ең білімді ойыншы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушыларды турнирге дайындаған жетекшілерге министрдің атынан алғыс хат табысталды.
📎Облысымыздың пікірсайыс үйлестірушісі Жармағамбетова Гүлжайнар Асқарқызы да балаларға қосымша білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Балалық шақ досы» медалімен марапатталды.
📌Бұл турнир жас пікірсайысшылардың интеллектуалды деңгейін көтеріп, болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын білімді ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь