Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Адалдық сағаты

    2019 жылдың  7 қарашасында  "Меңгесер орта мектебі" КММ бірыңғай республикалық "Адалдық сағаты" акциясы  аясында түрлі  іс-шаралар ұйымдастырды . Орта және жоғары сынып оқушыларымен "Адамға адал болу не үшін керек", "Адалдық пен ар-ождан" сынып сағаттары өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: балаларға «Адалдық»  туралы түсінік қалыптастыру (барлығына адал болу, өз қателіктерін мойындай және түзете білу, ережелерді орындау), балаларды әр түрлі жұмыстарда, іс-әрекеттерінде, пікір білдіруде, бағалауда  адалдық танытуға тәрбиелеу. Сынып сағаттарында оқушылар бойында адалдық, парасаттылық, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары және олардың алдын алу шаралары түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірыңғай республикалық  «Адалдық сағаты» акциясы  негізінде қоғамдық және жеке қатынастардағы адал қарым-қатынас мәселелерін талқылай отырып,  мектеп оқушыларымен  пікірсайыс өткізілді. Кезегінше, бастауыш сынып оқушылары қатысуымен.





 


флешмоб ұйымдастырылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь