Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы

   Х.Бектұрғанов атындағы  мектеп-балабақша кешенінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акция аясында жол қауіпсіздігі ережелері бойынша түсініктеме жұмыстары және іс-шаралар өткізілді. Балалардың өмір қауіпсіздігі мәселелеріне  ата-аналар назарын аудару мақсатында  «Қамқоршы  ата-ана» атты ата-аналармен кездесу, Подготовлены памятки и листовки для родителей ата-аналар үшін «Менің даладағы, мектептегі және үйдегі қауіпсіздігім» атты парақшалар әзірленді, «Доңғалақ қаіпсіздігінде» баланың велосипедпен жүру ережелері көрсетілді.

   Оқу жылы басталғаннан бері барлық сыныптарда  «Мектепке және үйге дейінгі жолдағы менің қауіпсіздігім» атты сынып сағаттары өткізілді. «Үй-мектеп-үй» маршруты бойынша қауіпсіз қозғалыс кезеңдерін білді. Маңызды деген қозғалыс ережелерін еске түсіріп, сөзжұмбақтар мен жұмбақтар шешіп, бейнебаяндар көрді. Мектептің астыңғы қабатында «Мектепке дейінгі менің қауіпсіз жолым» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Ережелерді  бірнеше рет қайталай отыра, жаттығулар жасай отыра, күнделікті мұғалімдердің  үлгісінің арқасында оқушылар жаяу жүргінші жолында өздерін еркін сезінеді және жол-көлік  жарақаттарын алдын алуға мүмкіндіктері бар.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь