Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Отбасы күні


   Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Күздің бірінші айының екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні тойланады. Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Негізге алып отырған мақсатымыз – отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру, ұстаз бен ата-ана, бала арасындағы байланысты күшейту. Дәстүр бойынша, ең алдымен, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында аталмыш күн қарсаңында мектепте көптеген іс-шаралар жүргізіледі. 16 қыркүйекте И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында 10а сынып оқушыларының қатысуымен "Отбасы – Бақыт мекені" атты мектепішілік линейка өткізілді.   Отбасы – адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқа сүйер алтын діңгегі екенін, Қазақстан қоғамында отбасының мәртебелік мәні қашанда терең екенін көрсетеді. Өйткені, «Мәңгілік Елдің»  іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы – өрелі ұрпақ, ұлағатты отбасы екені ақиқат.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь