«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты ата-аналар жиналысының
«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы»
атты ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Күні: 15.05.2019ж
Өткізілген уақыты: 18:00
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің тізімі:
1.Нуртаева Н.С.
2.Бекешева М.А.
3.Шорманбаева Т.К.
4.Сергалиева А.И.
5.Базыл А.Б.
6.Жакенова А.А.
7.Тулекова Ж.Н.
8.Пиржанова А.Ю.
9.Алпысова А.Қ.
10.Абилгазина К.Е.
Мектеп әкімшілігі:
1.Ахметов Б.Т. – мектеп директоры
2.Оразалинова Г.Н. – директордық оқу ісінің меңгерушісі
3.Ахметова А.А. – директордың тәрбие ісінің меңгерушісінің м.а.
4.Байкенова Э.К. – әлеуметтік ұстаз
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібінде:
1.2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы – мектеп директоры Ахметов Б.Т.
2.Қорытынды аттестаттау (9 сынып және ҰБТ) – Оразалинова Г.Н.
3.Қамқорлық кеңесінің жылдық есебі. Жазғы сауықтыру лагері – Ахметова А.А.
4.«Отбасылық құндылықтарды нығайту» - Байкенова Э.К.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры сөз алды:
Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі екендігіне қысқаша ақпарат берді. 2018-2019 оқу жылына жалпы мектепішілік жалпы қорытынды жасады. Әр сынып бойынша білім сапасына және оқушылардың, мұғалімдердің жетістіктері туралы айтып өтті.
Екінші сұрақ бойынша оқу ісінің меңгерушісі – Оразалинова Г.Н. сөз алды. Өз сөзінде 9 сынып пен 11 сыныптың қорытынды аттестаттаудың өтетін уақыттарымен таныстырып өтті. 9 сынып оқушылары Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсыратыны туралы айтты. Сонымен қатар 11 сынып оқушыларының да қорытынды аттестаттау уақытымен ата-аналарды таныстырды.
Үшінші сұрақ бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі м.а. – Ахметова А.А. сөз алды. Өз сөзінде жалпы 2018-2019 оқу жылында өткізілген іс-шараларға қорытнды жасады. Оның ішінде «Жастар өмір таңдайды», «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» атты аудандық инсталляция форумында біздің мектептің оқушылары II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жыл бойы оқушыларымыз аудан, обылыс көлемінде өткізілген іс-шараларға белсене қатысты. «Спорт – денсаулық кепілі» дей келе мектебіміз спорт жағынан да жақы , жоғары деңгейде белсенділік танытып келеді.
Төртінші сұрақ бойынша әлеуметтік ұстаз – Байкенова Э.К. сөз алды. отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарынң бірі. Берік жұбайлар одағы, ата-ананы құрметтеу, ана болу, әке болу өзара құрмет пен сенім, адалдық пен махаббат – бұл отбасылық өмір салтының және үздік отбасылық дәстүрлердің негізі, бұл басты отбасылық құндылықтар. Сонымен қатар ата-аналарға отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері туралы айтып өтті.
Шешімі: 2018-2019 оқу жылының есебіне қанағаттанарлық деп баға берілді. Келесі 2019-2020 оқу жылына жоспарға ұсынстар жасалды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер