Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Республикалық Қ. Бітібаева олимпиадасы


     2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Өскемен қаласында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада болып өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңі эссе жазу мен сұрақтарға ауызша жауап беруді қамтитын екі кезеңнен тұрды. Бұл олимпиадаға Қазақ мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Қанағат Қарлығаш қатысып, 3 – орын иеленіп, Дипломмен марапатталды және сыйлыққа ие болды. Жетекшісі – Байтенова Гүлім Жақсылыққызы. Қарлығаш мектебіміздегі үлгілі, дарынды, талапты, талантты, үздік оқушылардың қатарынан және биылғы жылғы мектеп түлектерінің бірі. Алдағы уақытта осы сала маманы болуын армандап жүрген Қарлығашқа тек қана табыс, үлкен сыннан сүрінбей өтуіне сәттілік тілейміз. Әлі де болса жоғары көрсеткіштерімен қуантып, биік шыңдарды бағындырып, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенімдеміз.

 


 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь