Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көбейту бойынша жоба жарияланды

Министрлік осыған орай жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес жасалған арнайы есептемелік жобаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың назарына ұсынды. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының кезекті съезінде еңбек ақы мөлшері аз бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру қажеттілігіне айрықша тоқталып, тиісті шаралар қабылдануы үшін нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі белгіленген шілде айының 1-іне дейін созбай алдағы маусым айының басынан бастап жүзеге асыруды міндеттеген еді. Нәтижесінде салалық министрлік нақты ұсыныстар әзірлегенін білдік.

Бұл бастама қолдау тапқан жағдайда республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдар аралығында жыл сайын 86 миллиард теңге қарастырылатын көрінеді.

Нұрлан Мералы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь