Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлы» қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы облыс көлемінде түрлі іс-шаралар өткізілді


 
        «Тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлы» тақырыбында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы облыс көлемінде түрлі іс-шаралар өткізілді.
       Аталған шара негізінде Қазақ мектеп-гимназиясында 13 мамыр күні  «Мәнді өмір –мәңгі өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріліп, кітаптарымен таныстырылды.
    "Ербол Шаймерденұлы - са­налы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына арнаған  қоғам қайраткері. Ол мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде 1992 жылы қа­былданған мемлекеттік рә­міз­дерді әзірлеу, ұлттық  геральдиканы қалыптастыру ісіне  ай­тулы үлес қосты, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бірнеше еңбектер жазды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ербол Шаймерденұлы әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын қалдырып,  бірнеше өлең кітаптары жарық көрді. Бірқатар ғылыми-зерттеу еңбектері, публицистикалық жинақтары рухани мұрамыздың қорын толықтырды. Жалпы алғанда 20-ға жуық кітаптың авторы атанды. Олардың қатарында  «Көңіл суреті» (1995 ж.), «Жүректегі  жазулар» (2004 ж.) атты  жыр жинақтары, «Тыңда  тоғысқан  тағдырлар» (1989 ж.), «Қазақ  елінің  рәміздері» (1993 ж.), «Елтану  әліппесі» (1998 ж.), «Әз Астана» (1999 ж.), «Қазақстан  Республикасының  рәміздері» (2001 ж.), «Ақыл-ой антологиясы» (2004 ж.), «Қазақ афоризмдері» (2008 ж.), «Даналық  дидары» (2002 ж.), «Мәңгілік  мұрат» (2003 ж.), «Ақиқат айнасы» (2004 ж.), «Елтаным» (2005 ж.) және  басқа  туындылары  бар. Еңбектері  бірқатар  шет  тілдеріне  тәржімаланды. Сонымен бірге, «Арман қала - Астана», «Төгеді жаңбыр», «Асыл  жар», «Көлсай», т.б. жазған бірнеше ән мәтіндері тыңдарманға жол тартқан.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь