Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Тауағаш орта мектебінде ұлы Жеңістің -74 жылдығына арналған «Жеңістің туы, желбіре!» атты салтанатты жиын өтті.

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы

 

      09 мамыр 2019 жылы  Тауағаш орта мектебінде  ұлы Жеңістің -74 жылдығына арналған «Жеңістің туы, желбіре!» атты салтанатты жиын өтті.  Бірінші  құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Сиванбаев Мұрат Серғалиұлына берілді.

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді ұлықтап, есімдерін еске алып, олардың  ерлігін насихаттау –біз үшін парыз. Бұл майданға ауылымыздан  120 –дай   азамат  аттанды. Майдан даласында жаумен қанды шайқаста қаза тапқан   77-ге жуығы хабар ошарсыз кетті, туған жердің топырағы бұйырмады. Ардақты ардагерлерімізді еске алу құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып.Ел үшін,Отан үшін қаза болған майдангерлер аруағына ауылымыздың молдасы Шаймергенов Бексұлтан ата құран бағыштады. Ауылымыздың жанашыры, еңбек ардагері  Қазбеков Жасұлан  Кенжебайұлына, Кокошев  Сейтқас  Қамзаұлына қонақ ретінде сөз берілді. Оқушылар  мерекелік  бағдарлама дайындап, әндер шырқалды, балалардың өнері көрермендерді ерекше қуантты. Мектеп оқушылары аталарына арнап өлең оқыды. Бастауыш сыныптың орындауында «Қазақстан» атты хор  айтылды. «Кукушка», «День победы», «Әлия» атты әндер орындалды. 9-10 сынып оқушылары  көрініс қойды. Мерекелік бағдарлама соңында мектеп жанындағы ескерткішке  гүл шоқтары қойылды.

                                                                                                                                         Жауапты:5-сыныптың  жетекшісі Никибаева Р.Ж.

 







 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь