Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды! Ұлы Жеңіске 74 жыл!

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды! Ұлы Жеңіске 74 жыл!

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай өңірімізде бірталай жұмыстар жүргізілді. Біздің мектеп те мұндай шаралардан қалыс қалмады. Лицейіміздің қабырғасында  мамырдың төртінші жұлдызында  5-11 сынып оқушылары  арасында «От алаулаған жолдар» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.  Оқушылардың соғыс туралы тебірене толғап, өлең оқығандары жиналған қауымның жүрегін елжірете алды. Сол сында бас жүлдені жеңіп алған оқушы – 8 «а» сынып белсендісі  Жусипали Карина.
         Мамыр айы толағай табыстарға толы. Неге десеңіз, 2-мамырда қала мектептері арасында өткен  «Салют, Победа!» атты әскери әндер байқауында лицейіміздің қыздары ІІІ орын иеленсе, аталған байқаудың облыстық кезеңінде де ІІІ орынға адалдықтарын танытты. Бәрекелді!
         Мұнымен қоймай, мектебімізде әдетке айналған 8-11 сынып оқушылары арасындағы  «Сап түзу және ән айту» байқауы да өтті.  Оқушылар бойында патриоттық сезім ұялататын, қатаң тәртіп пен ауызбіршілікке  баулитын сайыста 8 «б» , 10 «б» сынып оқушылары алдарына жан салмады. Екінші орынды өзара 8 «а» мен 10 «а» сыныптары бөліссе, 9 «а» мен 9 «б» сынып оқушылары ІІІ орынды қанағат тұтты.
         Мамырдың сегізі Ұлы Жеңіс күніне арналған біріңғай сынып сағаттары өтіп, 9 Мамырда мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары майданда ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзып ету мақсатында мәңгілік алаудың жанына жиналды. Көзі тірі ардагерлерге алғыс айтып, гүл шоқтарын да сыйға тартты. Лицей оқушылары бұл іс-әрекеттерімен мектебіміздің тәрбие жолы дұрыс бағытта келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
  




 

 

 




 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь