Республикалық Абай, Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өтті
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге –
деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай ақын өлеңін жатқа білу – әр оқушыға, әр балаға, қала берді әр қазаққа парыз әрі міндет десем артық болмас.
29 сәуір күні мектебімізде дәстүрлі Абай, Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өтті. Аталмыш байқауға қала мектептерінен 90-нан астам оқушылар қатысты. Абай оқуы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу), «Көңілім әнді ұғады» (Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындар байқауы), «Ұлылар әлемі» (Абай мен Шәкәрім еңбекттеріне эссе жазу) атты 4 номинация бойынша өтсе, Мағжан оқуында «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» (Мағжан өлеңдерін жатқа оқу), «Толқынмен толқын сырласып..», (Мағжан шығармашылыған бойынша ғылыми зерттеу жұмысы), «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар байқауы) номинациялары бойынша оқушылар бақ сынасты. Байқауға мектебіміздің 7 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Боғдат Бекзат – ІІ орын (жетекшісі – Каскирбаева Ж.К.)
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Шораева Зарина – ІІ орын (жетекшісі –Курманкина Д.С.)
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациялары бойынша Жайлаубай Ағжан – І орын (жетекшісі –Садвакасова М.У.)
«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бектурова Дария – Алғыс хат (жетекшісі- Алтай Солтан)
«Толқынмен толқын сырласып..» номинациясы бойынша Болатова Дильназ – ІІ орын (жетекшісі –Садвакасова М.У.)
«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Боғдат Сания – ІІ орын (жетекшісі- Алтай Солтан)

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер