Бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі ол — үлкен бір ғылым. Бір отбасында жалғыз бала болса да, 6-7 бала болса да балаға берілген тәрбиеде кемшілік болып жатады. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, қазіргі уақытта ол күндердің әдебін көру көп жағдайда мүмкін болмай отыр. Ең әуелі олар баланың алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Ол дегеніміз, байлық пен барлық қана емес, балаға рухани байлық керек. Жақсы мен жаманды ажырата білгені жөн. Өмірдің мәні тек ақша мен байлық деген ойдан баланы аулақ салу қажет. Адами қасиетті бала бойына дарыта білу кез – келгеніміздің қолымыздан келе бермейді. Тіршілік қамымен жүріп балаға мүлдем көңіл бөлмейтін де, өз машақатымен айналысып балаға тәрбиенің керек екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды деп баланың ыңғайымен жүретін де, менің жиған – тергенім балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Мен өз өмірімдегі осындай жағдайларды ескере жүріп, балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің де өз шегі болуы керек енеіне көз жеткіздім. Демек, бала мен ата – ана арасында өте тығыз байланыс жүру керек. «Баланы жастан» деген, бала тәрбиесі бесікте жатқаннан басталу керек.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер