ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді.
Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде және желілік жоғары оқу орындарында қабылданады.
Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылады.
2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Түсушілердің білім беру гранттарын беру конкурсы кезінде бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда 4 білім беру бағдарламалары топтарына дейін таңдауға мүмкіндігі бар.
http://bilimdinews.kz/?p=36452Жаңалықты мекеменің сайтында қарау