«Алдар Көсенің хикаялары»
30 сәуір күні «Алдар Көсенің хикаялары» атты 2 «В» және 4 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Күләш Тоқтамысқызы, Дарина Маратқызы дайындаған ертегі қойылым болды.
Қойылымның негізгі мақсаты: аты аңызға айналған Алдар
Көсе туралы мағлұмат беру, мінезін ашып көрсету
. Аңқау мен қу адам туралы мінездің қандай болатынына көз жеткізу. Бай мен Алдардың мінездерін ашу арқылы балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
Ертегі қойылым шашумен бастау алып, 2 «В» сынып оқушыларының «Қазақ биімен» жалғасты. 2 «В» сынып оқушылары «Сиқырлы тон» қойылымын көрсетті. Нұрымжан Аделяның орындауындағы «Мен қазақпын» әні шырқалды. 4 «Г» сынып оқушылары
«10 тақия», «Жоғалған әмиян» қойылымын көрсетті.
Тлеужанов Фархаттың «Күміс құмған-ай» халық әні орындалды. 2 «В» сынып оқушылары «Қасиетті домбыра» биін билеп, қойылым соңында бата тілек айтылып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен кетті.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер