Сәуірдің 8- жұлдызы мектебімізде экология онкүндігінің ашылуы болды.
Мақсаты: Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке, табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Міндеттері:
- Сабақтарда және сабақтан тыс өткізілетін мектепішілік іс шараларда оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін әр түрлі әдістер мен технологияларды қолдану;
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін сыныптан тыс жұмыстарды, олардың түрлі формаларын қолдану;
- Жаңа педагогикалық технологиялады іс-тәжірибемізде қолданып, өзара тәжірибе алмасу;
- Оқушылардың экологиялық тәрбиесі мен білімін арттыру;
- Жас ұрпақты жаһандық, сондай-ақ жергілікті сипаттағы қоршаған орта мәселелеріне тарту;
- Факультативтік, үйірме жұмыстарын жандандыру;
- Білім беру мазмұнын халықтық педагогикамен тығыз байланыста жүргізу.
Осы онкүндік ішінде оқушылар әрбір іс-шараларға белсене қатысты.
11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сыныптар ойын алаңында белсенділік танытты.
«Экоболашақ» акциясы. Макулатура жинау акциясына 1және 2 сынып оқушылары қатысып, 600 килограмдай қағаз жиналды.Онкүндіктің жабылуы. Марапаттаулар.
Іс-шараларға қатысқан барлық оқушылар марапаттауларға ие болды.Жаңалықты мекеменің сайтында қарау