«О, спорт! Сен – түгел ғаламсың»
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі. Мамлют қазақ мектеп- интернатының да оқушылары өздеріне сенімділігін арттыру үшін, денелерін шынықтыру үшін түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, спорттық жарыстарда жүлделі орындард иеленді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Кекушинкай каратэде Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионатында 2 орын алғаны үшін Айдосұлы Санжар және 1 орынды Құдайберген Шыңғыс иеленді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер