Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқаулардың бірі – «Абай оқулары» байқауы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде биылғы жылы «XX Абай оқулары» , Абай Құнанбайұлының мұрасын жан- жақты зерделеуге бағытталып, «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы », «Көңілім әнді ұғады» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарларында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар әділ бағаланып, жүлдегерлер облысқа жолдама алды, оның ішінде біздің мектеп- интернатымыздың 8- сынып оқушысы Тастан Айымгүл «Көңілім әнді ұғады» айдарында І жүлделі орынға ие болды. Жас ақындар байқауында 8- сынып оқушысы Мендешева Алтынай өз өлеңдерімен Абай шығармашылығына тағзым білдірді, өз шығармашылығы үшін әділ- қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарында 10- сынып Қамбарова Нурзия шығармашылығымен ерекшеленіп сертификатпен марапатталды.