Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Еңбекті қорғау және еңбек ортасының болашағы» атты өткізілген іс-шараның қорытындысы

 

         Еңбек жағдайының қауіпсіздігін және салауаттылығын қамтамасыз ету проблемасымен еңбек қорғау қызметі айналысады. Еңбекті қорғау қызметі өндірісте мүмкін болатын оқыс оқиғалардың себептерін айқындайды және оқып біледі. Өндірісте мүмкін болатын кәсіби аурулардың, апаттардың, жарылыстардың, өрттердің себептерімен танысып айқындайды, ол себептердің салдарын жою жөніндегі шаралар мен талаптар жүйесін жасайды, адам өміріне қауіпсіз және қолайлы еңбек шартын жасайды.                                                                                                                                     Еңбекті қорғау кешенді болып табылады және ол мынадай төрт бөлімнен тұрады:

-еңбекті қорғау заңы;

-өндірістік санитария;

-қауіпсіздік техникасы;

-өрт және жарылыс қауіпсіздігі;

- еңбекті адам өмірінің қажеттілігіне сай ұйымдастыру;

Покровка орта мектебінің кәсіподақ ұйымының мүшелері «28 сәуір-Бүкіләлемдік еңбекті қорғау»күніне орай ,аудандық кәсіподақ ұйымының жасаған жоспарына сай бірнеше іс шаралар өткізді.  Іс-шара барысында «Еңбекті қорғау» декадасы, «Қауіпсіздік декадасы», еңбекті қорғау бойынша сұрақ-жауап пен түсіндірме жұмыстары өткізілді                                                                                                    Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің ( 23 қараша 2015ж) «Қауіпсіздік  және еңбекті қорғау» бөлімі еңбек қызметі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Кәсіподақ мүшелерімен осы тақырыпта жиналыс өткізіліп, сұрақ-жауап өткізілді.

                                                                                                    

       Бұл қажеттілік адам еңбегі аса қолайлы жағдайда өтетін болса, ол жағдай адамның барлық қабілетінің барынша дамуына мүмкіндік туғыза отырып,оның жоғары көңіл-күй мен еңбек өнімділігін арттыра отырып,ұзақ жылдар бойы ауырмай-сырқамай қызмет етуі мүмкін болған жағдайда орындалады. Осыны ескере отырып мектептің шаруа  меңгерушісі Лужнов В.Б.  мектептегі жұмыс орындарының  қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында мектепте  тексеру жұмыстарын өткізді. Мектеп асханасы, спорт және акт залы, шеберхана кабинеттеріне көп көңіл бөлінді. Өйткені бұл жерлерде қауіпсіздік жағдайларына көп көңіл бөлінуі қажет.Сынып кабинеттерінде орналасқан өртсөндіру баллондары да тексерілді.Тексеру барысында қауіпсіздікті сақтау- өте маңызды міндет екені ескерілді.

                                            

Мектептегі кәсіподақ мүшелері үшін «28 сәуір- Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні» туралы айту  мақсатында ақпараттық тақтайшаға қажетті мәліметтер ілініп, түсінік берілді. Әрбір кәсіп иесінің өз жұмыс орнында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттілігі баяндалды.Мектептегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тек бірліктің, жанашырлықтың арқасында жүзеге асатыны туралы мәлімдеме берілді.   

                                               

Мектебімізде кәсіподақ мүшелерінің арасында жұмыс орнындыағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жайында өздерінің ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік беретін «Сенім жәшігі» орнатылды. Әрбір маман өзінің ой пікірін еркін жеткізуге құқылы және айтылған әрбір ой-пікір біз үшін маңызды. Сол мақсатта осы іс-шара өткізілді. Түскен ұсыныстарға тоқталып өтсек, кәсіподақ мүшелері мектебіміздегі еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына көңілдері толатынын айтқан.Алдағы уақытта да еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жоспарға сай жүргізіліп отырады. 
                                                                

  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь