Білім министрі студентті оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді
«Біз ол жайында екі күн бұрын естідік. Дамир деген жігіт. Оның мәселесін зерделеуді бастадық. Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттің ата-аналары баласын алып кету туралы өтінішті өздері берген. Дегенмен, қазір біз өзіміз тексеріп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиісті шаралар қолданылады», - деді К.Шәмшидинова.