Еліміздің тұңғыш Елбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың қарашасының 21-де өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жарыққа шығарған болатын. Бұл мақаласында ол еліміздің кең байтақ жерінен шыққан жаңалықтарды қозғаған болатын. Еліміздің келешек ұрпақтары осындай адам сенгісіз жаңалықтардың біздің жерімізден шыққанын біліп жүруі керек екендігін атап өткен болатын және сонымен мақтануымыз керек деп айтқан. Осы Ұлы даламыздың жеті қырының ішінде мені қызықтырғаны «Аң стилі» бөлімі еді. Енді осы аң стиліне қысқаша тоқталып өтсек деймін. Тарихтан бәрімізге белгілі біздің ерте замандағы ата-бабамыздың дүниетанымы да осы аңдармен байланысты болған. Олардың ойлары бойынша олар белгілі аңнан тараған деп ойлаған. Оны ғылыми тілде тотемизм деп атаймыз. Сол аңға байланысты олар өздеріне әшекей-бұйымдар жасаған. Оған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер, үңгірлер мен тастарға салынған суреттер дәлел бола алады. Мысалға «Алтын адамды» алатын болсақ, оның өзінде қаншама аң стилінде жасалған орнаменттер болған. Мағжан Жұмабаевты алатын болсақ та, «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде:
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!»- деген сөздері бар емес пе. Осы өлең жолдарының өзінде ақын айбатты, қайратты, қанатты бір сөзбен мықты азаматтарға сенетінін айтып отыр. Яғни, Мағжан ағамыз өскелең, болашақ ұрпақтың осы аңдар тәріздес болуын тілеген. Осы ағамыз сияқты мен де болашақта ақын болуды армандаймын. Тұңғыш Елбасымыздың мақаласына арнап өзім шағын өлең жолдарын шығарған болатынмын.
Мен мақтанам қазақтың жеріменен,
Қанша қайғы көрсе де, берілмеген.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған,
Жастар құрбан, еліміз еңіреген.
Мен мақтанам қазақтың ұлыменен,
Домбыраның үні шыққан жырыменен.
Еліміздің күтіп жүрген болашағы,
Қазақтың ұлдарының бірімін мен.
Жан-жануар қазақтың досы деймін,
Мінезіміз қырағы ұқсас мейлі.
Ең маңызды жыртқыштарға ұқсаймыз біз,
Қасқыр, барыс сияқты берілмеймін.
Ал қазақтың төрт түлігі кімдер екен?
Әрине қастерлейтін жылқы мекен!
Тағы да сиыр, қой мен түйе қалды,
Барлығы қазағыма береке екен.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау