Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Аутистикалық спектрдің ауытқуы бар баланың ата-анасына арналған ЖАДЫНАМА

АУТИСТИКАЛЫҚ СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ ҮШІН

 НЕГІЗГІ ҰСЫНЫМДАР:

  • АСА бар балаларды тәрбиелеудің міндетті компоненті – психологиялық-педагогикалық түзетулер болып табылады. Баланы ерте басталған қарқынды/ ұзақмерзімді коррекциялық оқыту оның анағұрлым жайлы дамуына алып келеді.
  • Баланың белгілі бір режимі мен ритмін қатаң ұстануға тырысыңыз (бұл ретте, баланың қалауын барынша ескере отырып қыдыру, тамақ ішу, ұйықтау, ойнау режимін және т.б. құрыңыз).

 

 

  • Қарым-қатынас жасау және оқу үшін ыңғайлы жабдықталған орынмен қамтамасыз етуге тырысыңыз. Баланы қалжыратпаңыз, сезімдік жүктемесі ауыр болмауын қадағалаңыз.
  • Баламен мүмкіндігінше жиі сөйлесіңіз, сөйлеу қарқыныңыз тез болмауға тиіс, беретін тапсырмаңыз айқын және нақты болу керек.
  • Балаға оның іс-әрекетін шыдамды түрде сабырмен түсіндіріңіз, ол үшін нақты ақпараттарды қолданған дұрыс болады (сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер).
  • Бала тапсырманы дұрыс орындаған кезде әрдайым оны қолпаштап, мақтап отырыңыз. Өйткені, егер бала сіздің тарапыңыздан қолдау таппайтын болса, онда өзімен тұйықталып, сізбен сөйлесуден, қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтын болады.
  • Балаға әрдайым терең зейін қойып, оны байыппен бақылаңыз, оның жайсыздығын білдіретін титтей тілдік немесе тілдік емес белгілерді аулап, түсіне алатын болыңыз.

Мүгедектікті белгілеу сұрақтары бойынша

  • тексерілу, бақылау     
  • диагностика, диагноз қою
  • медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық түзеу
  • денсаулықтың тұрақты бұзылуы, тыныс-тіршілігінің шектелгені анықталған кезде – медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жіберу
  • ДКК шешімімен – «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» электрондық нысанын толтыру
  • тұрақты мекенжайы бойынша МӘС-қа жіберу
  • Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның ВКК жолдамасы мен белгілі бір құжаттар пакетінің негізінде (ҚР ДСМ 2015 жылғы 30.01. №44 бұйрығы), қаралуға келген күні кезекте тұру бойынша өткізіледі
  • МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысы организмнің жай-күйін кешенді бағалау және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі негізінде шығарылады
  • мүгедектік белгіленген жағдайда – оңалтуға қажетті құралдар мен қызметтерді айқындау
  • мүгедектік алу баланың жасына тәуелді болмайды

_____________________________________

 

  Қосымша ақпараттарды мынадай сайттардан алуға болады: www.ainar.org,

www.special-edu.kz, nao.kz


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь