2019 жылдың 2 сәуірінде М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы мектеп- лицейде «Педагог мамандардың этикалық мәдениетін Рухани жаңғыруда көрініс тапқан құндылықтар арқылы шәкірт тәрбиелеуде табысты қолдана білудің шарты» атты
педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес мақсаты: Кәсіби жұмыс барысындағы мұғалім этикалық мәдениетінің өзектілігін талқылау.
Міндеттер:
Бүгінгі жаһандану заманында және Рухани жаңғыру аясында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық рухани ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.
Педагогикалық кеңес барысында: Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мұғалімнің этикалық мәдениетінің ықпалы жайлы пікір айтылды. Жалпы адами құндылықтарды қарастырдық.Ұжымда кездесетін педагогикалық жағдаяттар барысындағы қарым-қатынастар талқыланды.Мұғалім іс-әрекетіне басшылық болатын лицей педагогының адамгершілік ережелері құрастырылды.
Мектеп-лицей директоры Касимова Р.Е. «Адамгершілік құндылықтар» тақырыбында мектеп ұжымымен ой бөлісті.
Педагог- психолог маңызды сұрақтар арқылы ұжымдағы әріптесер арасындағы жағдайды анықтады. Адамгершілік құндылықтар арқылы 5 топқа бөліп, жағдаяттарға құндылық арқылы жауаптарын нақтылады.. Жағдаяттар барысында ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салып, ақыл- кеңестерін берді.
Ұлы тұлғаларымыз А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев,
Ш. Құдайбердіұлы , А. Байтұрсынов, Әбу Насыр әл- Фараби, С. Көпеев аталарымыздың педагогикалық өнегесін, ұлағатты сөздерін көкейімізде әрдайым биік ұстап, өз дүниетанымымызды рухани жандырып, ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, осы тұлғалар сынды әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды болып, Ұстаз мәртебесін асқақтата берейік, Ұстаз атына сай болайық!




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау