Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жас келсе - іске

Мектеп қабырғасын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас түлектер ең алдымен өздеріне тиімді мамандық таңдап, кейін сол мамандық бойынша жұмыс жасап, өз білімдерінің нәтижесін көрсетіп жатады. Бірі қалада қалып қызметке орналасып жатса, енді бірі ауылға барып жас маман атанып жатады. Міне, осындай ауыл тұрмысының жағдайын жақсарту барысында жас мамандарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде қолдап жатыр. Бұл бағдарламаның да өзіндік шарттары әрі қолжетімді көмектері де бар. Ауылға келген жас маманға бір рет берілетін көтерме жәрдемақы, төменгі пайызда үлестірілген баспана алуға несие беру. Осындай бағдарламалар аясында жұмыстар қызу жүргізіліп, тіпті соңғы жылдары ауылға деген жастардың көзқарасы да өзгеріп, өз қызметтерін жалғастыруға қарсы да емес. Қазақта «жас келсе іске, қарт келсе асқа» деген ұлағатты сөз бар. Расында да жастар қауымы жаңа заман иелігіне орай тың әрі озық идеяларды дүниеге әкеліп, әр саланың өзінше дамуына үлес қосып, жаңа инновация арқылы сапалы жетістікке қол жеткізіп, мемлекетіміздің дамуына қарқынды күш жұмсап, игі нәтижелерді көрсетіп жатыр. Қай салада болмасын жастар қауымы жетерлік. Олардың алғыр ойлары әркез қоғам қажет етіп отыратын жеміс іспеттес.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь