2019 жылдың 16 наурызынан бастап, мектебімізде "Ұлттық киім" акциясы өтуде. Акцияға мұғалімдер ұжымы қатысып, келе жатқан Наурыз мейрамын дәріптеп, өз үлестерін қосуда. "Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі" деп ата-бабаларымыз жай айтпаған ғой. Қазақ киімінің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. Ендеше, осы байлығымызды жоғалтпай, болашақ ұрпаққа үлгі бола білейік, ағайын! Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын