Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының Наурыз мерекесі қарсаңындағы Амал мерекесі: Қазақстанда «көрісу» күні туралы ақпарат


      Бүгін И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында наурыз мерекесі қарсаңындағы  «көрісу» күнін тойлауы басталып кетті.  Көрісу күні немесе Амал мерекесі – атадан мұра болып қалған, көнеден келе жатқан дәстүр. Бұл күні ұжым ішінде немесе өзара  туған-туыс, құдайы көршімен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтау басталды.

        14 наурыз - Көрісу күні. Ежелгі дәстүрді Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Дастархан жайып, бір-бірін қонаққа шақырады. Наурыз - күллі қазақ халқы көптен күтетін мереке. Дегенмен, жыл басын 14 наурыздан бастап тойлайды. Бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, қол алысып амандасады. Әсіресе жасы кішілері ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердің үйіне барып, амандасып шығуы керек. Көріскен кезде міндетті түрде "Жасың құтты болсын!", «Бір жасыңмен!» деп айтады. Кемінде үш шаңырақтың босағасын аттаған дұрыс деген сенім бар.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь