Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Лицейіміздің қабырғасында 7-наурыз күні ер азаматтарымыз бен ұл балалар мектептің әйел  мұғалімдері мен оқушы қыздарына арнап мерекелік іс-шаралар өткізді. Таңертең  ұстаздар қауымын қошеметпен қарсы алған ерлер барлығына  көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше ілтипат пен ізет көрсетіп жүрді. «Жас Дәурен» оқушылар ұйымы мұғалімдердің сәтті шыққан суреттерінен әдемі плакат пен слайд жасап қуантты.  Әлеуметтік ролик жасау мақсатында ұйым белсенділері «City Mall» сауда үйіне барып, қала тұрғындарынан мереке қарсаңында сауалнама алды. Соның нәтижесін колледж бен лицей мұғалімдерінің мерекелік бас қосуында бейне материал ретінде көрсетіп, баршаның жүрегін елжіретті.
Биылғы түлектер, 11-сынып оқушылары, өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырып, мұғалімдер арқалап жүрген ауыр жүкті бір күнге жеңілдетті. Осылайша оқушылар мен ерлер құрметі мен шапағатына бөленген әйелдер қауымы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.  



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь