Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Ауылым – алтын бесігім» ашық тәрбие сағаты өтті

          Ақпан айының 20-шы жұлдызында 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың туған  жер, ауыл  туралы  түсініктерін кеңейтіп, туған  Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

       Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында «Ақ тілек. Әсем күлкі» тренингі өткізілді.  Сынып түймедақ гүлінің күлтелерін таңдау арқылы Ақсуат, Құрғақкөл топтарына бөлінді. Ауыл мен қаланың ұқсастығы мен айырмашылығына байланысты Венн диаграммасы толтырылды. Мұғалім Бексейіт ауылының құрылуы, тарихы туралы біршама өнімді мәліметтер беріп өтті. Талантты, мектептің әнші баласы Амандық Мәлік «Ауылым-әнім» әнін тамылжыта шырқады. «Ауылымның келешегі – менің  болашағым» тақырыбында оқушылар болашақта ауылына жасайтын жақсы, қайырымды істері туралы күлтеге жазып, түймедаққа ілді. Мұғалім өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, смайликтер сыйлады. Оқушылар ауылын сүйетін патриот боламыз деп уәде берді.

 
                                                                                                                                                      Фотокөрме


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь