3-сыныпта Нұрғожина Адиля Сапарғалиқызының жетекшілігімен «Рахмет сіздерге» акциясына арналған «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл ашық тәрбие сағатының тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу, жақсылық жасауға, қайырымды болуға шақыру; әркімнің жасаған жақсылығын бағалай біліп рахмет айтуды үйрету.
Оқушылар өздерінің кішкентайлықтарына қарамай жақсылық жасаудың, қайырымдылықтың, мейірімділіктің мән мағынасын терең түсінетіндерін білдірді, жақсылық пен жамандық тақырбында постер жасап, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындады.
Адамның бойындағы жақсы қасиеттері жайлы әдемі өлеңдер оқып, қойылым қойды.
Ашық тәрбие сағаты «Рахмет сіздерге» атты флешмобпен аяқталды.
Фотокөрме
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау