Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Тамақтану туралы

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл ОМ оқушыларының  тамақтануы туралы мағлұматтар берілуде.  Оқу жылының басынан бастап барлық оқушылар буфеттік тамақтанумен қамтамасыз етілген болатын. Көп балалы және жалғыз басты отбасыларының 12 баласы демеушілер тарапынан тегін буфеттік тамақтану түрімен қамтамасыз етілген. Буфеттік тамақтанудың орташа құны – 80 теңгені құрайды. Оқушыларға СанПин талаптарына сай мәзірге рұқсат етілген тамақ түрлері дайындалады. Оқушылар тамақтану сапасына қанағаттануда және ата-аналар тарапынан әзірше шағымдар түспеді. Мектеп әкімшілігі мен медбике тамақтану сапасын бақылауда ұстайды. Дұрыс тамақтану бойынша бастауыш сыныптарда сыфнып сағаттары , орта және жоғары буын оқушылары арасында дөңгелек үстелдер 2019 жылдың қаңтар мен ақпан айларында  «Дұрыс тамақтану дегеніміз не?»  деген тақырыпта өткен болатын.сонымен қатар оқушылар тамақтану жайында  әртүрлі видеокөрсетілімдер тамашалады. Ата-аналармен кездесулерде дұрыс тамақтану бойынша ақпараттар беріліп көп мағлұматтармен таныстырылды. Сонымен қатар мектеп асханасындағы тамақтану бұрышында қажетті ақпараттар әр кезі ауыстырыл отырады. Бастауыш оқушыларының қолды жуу яғни санитарлық гигиеналық ережені сақтау,  дұрыс тамақтану режимі,  тамақтардың пайдалану реті таныстырылып көптеген мағлұматтар берілді.

Медбике тамақтану кезінде дұрыс тамақтанудың пайдасы мен оны сақтау туралы әңгіме жүргізді. Сынып сағаттарында да осы сұрақтар  төңірегінде әңгімелер жүргізілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь