Ішкі тыныштық күні
«М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ қабырғасында «Өзін-өзін тану» онкүндігі аясында ақпанның он төрті «Ішкі тыныштық» күні ретінде аталып өтті. Күні бойы мұғалімдер сабақтарда, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ішкі тыныштық туралы сөйлесті, тыныштықты орнататын сергіту сәттерін өткізді. Үзілістерде оқушылар және мұғалімдер мектептің арнайы 3 жерінде тыныштықты сезіне алды: 1) Мектеп кіреберісінде «Мен үшін бақыт деген...» атты сурет салды, 2) Психологтың бөлмесінде құрылған тыныштық бұрышынан түрлі сезімдер кешті, 3) Акт залында сергіту сәтін өткізді. Осының бәрін ұйымдастыруда мектептің «Жас Дәурен» оқушылар ұйымы белсенді түрде көмек көрсетті. Мектеп ұжымы тыныштық түсінің нышаны болып табылатын жазыл түсті киіп, күні бойы ішкі жан-дүниесін тыныштыққа, сабырлықа шақыра алды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау